Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футбол матчында теміржолшылар мен полицейлер төбелесіп қалды (видео)

Опубликовано:

Футбол матчына қатысушылар арасындағы төбелес
Футбол матчына қатысушылар арасындағы төбелес. Фото: T.me/kozachkow

20 тамыз күні Ақмола облысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен Көліктегі полиция департаментінің командалары арасында футболдан жарыс өтті. Бір кезде команда мүшелері арасында жанжал шығады. ҚТЖ өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында футбол матчындағы төбелестің видеосы пайда болды. Оның айтуынша, оқиға Бурабайда Спорт күніне арналған футбол турнирінің бірінде болған.

Бастапқыда басылым авторы жарысқа көліктегі ПД және Ақмола облысының ПД командалары қатысқан деп болжайды, бірақ кейін ҚТЖ командасы Көліктегі полиция департаментіне қарсы ойнағаны белгілі болды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі төбелеске қатысушылар алаңнан шығарылғанын хабарлады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Ағымдағы жылдың 20 тамызы күні "QAZAQSTAN QYZMET CUP" мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор компанияларының қызметкерлері арасындағы футболдан Қазақстан чемпионаты кезінде Көліктегі ПД және ҚТЖ командалары арасында жанжал орын алды. Жанжалдың қатысушылары алаңнан шығарылып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Матч әрі қарай жалғасты. Бұл факті бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Ешкім медициналық көмекке жүгінбеді", – дейді ҚТЖ өкілдері.

Турнирді ұйымдастырушылардың тәртіптік комитеті аталған командалардың ойыншыларын алты айға ойыннан шеттету туралы шешім қабылдағаны баса айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984664-futbol-matcynda-temirzolsylar-men-policeiler-tobelesip-qaldy-video/

pixel