Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде өткен тәулікте 700-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

ковид-тест
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 725 жағдайы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ресми Telegram- арнасында хабарлады.

Соңғы үш күнде ауру көрсеткіші әр түрлі. Мәселен, 21 тамызда елімізде коронавирус жұқтырған 478 науқас тіркелсе, 22 тамызда – 328, ал 23 тамызда – 668 жағдай расталған.

Ал өткен тәулікте аныұталған 725 жағдайдың ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 137,

Алматы қаласында - 35,

Шымкент қаласында – 10,

Ақмола облысында – 83,

Ақтөбе облысында – 27,

Алматы облысында - 4,

Жетісу облысында - 3,

Атырау облысында - 28,

Шығыс Қазақстан облысында - 24,

Абай облысында - 12,

Жамбыл облысында - 8,

Батыс Қазақстан облысында - 78,

Қарағанды облысында - 93,

Ұлытау облысында - 10,

Қостанай облысында - 61,

Қызылорда облысында - 9,

Маңғыстау облысында - 24,

Павлодар облысында - 41,

Солтүстік Қазақстан облысында - 34,

Түркістан облысында - 4.

25 тамыздағы жағдай бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның барлық өңірі жасыл аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984702-elde-otken-taulikte-700-den-astam-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel