Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда кейуана мен немересін ұрып-соққан мас тұрғын ұсталды

Опубликовано:

Күдікті
Видеодан кадр: Instagram/ policebqo

Орал қаласында зейнеткер мен оның немересін ұрып-соққан мас тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 21 тамыз күні шамамен сағат 20.20-да "Самал-3" шағынауданында болды. Мас тұрғын зейнеткер әйел мен оның немересіне бірнеше соққы жасаған.

Содан кейін оқиға орнынан бой тасаламақ болған кезде патрульдік полиция батальонының инспекторы Талғат Барасов әйелдің даусын естіп, күдіктіні қуып жетіп, қолға түсірген. Тәртіп сақшысы артынан әріптестерін көмекке шақырған. Дәрігерлер қарағаннан кейін зардап шеккен зейнеткер мен немересі үйіне жіберілді.

"Осы қылмысқа күдікті ретінде 1994 жылғы тұрғын ұсталды. Ол мас күйінде бұзақылық ниетпен 62 жастағы әйел мен оның жеті жасар ұл немересіне дене жарақатын салған. Қазіргі уақытта күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деді БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Арынов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984722-oralda-keiuana-men-nemeresin-uryp-soqqan-mas-turgyn-ustaldy/

pixel