Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаулық әйел Түркияға арзан жолдама алып берем деген тұрғынға алданып қалды

Опубликовано:

Қолына паспорт ұстаған жолаушы
Көрнекі фото: Pexels.com

Түркияға арзан жолдама алмақ болған ақтаулық әйел сан соғып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық порталдың мәліметінше, Ақтау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Ол арызында Түркияға арзан жолдама алып беретінін уәде еткен әйелге алданып қалғанын айтқан.

Анықталғандай ақтаулық тұрғын жолдама уәде еткен әйелге 350 мың теңге көлеміндегі ақшасын берген, алайда ол уәдесінде тұрмаған.

Тұрғынның арызынан кейін криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы азаматшаны анықтап, ұстаған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984830-turkiyaga-arzan-zoldama-aqtaulyq-aiel-alayaqqa-aldanyp-qaldy/

pixel