Атырау облысында қатты ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 26-шы тамыз жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағында күн ашық болады.
Дегенмен солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсері сақталады. Сондықтан бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал.
Одан бөлек, бүгін Қазақстанның кей жерлерінде жел күшейіп, түнде және таңертең шығыста, солтүстікте тұман түсуі мүмкін.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984889-atyrau-oblysynda-qatty-ystyq-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/