Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күлкіге айналдыру ма": Жетісу облысында оқушы қызға өлшемі өте үлкен мектеп формасы берілген

Жарияланған күні:

мектеп формасы
Видеодан кадр: Instagram/saryozek_insta

Жетісу облысының тұрғыны қызына әлеуметтік көмек ретінде берілген мектеп формасын көрсетіп, видео жариялады. Онда әйел киім өлшемі өте үлкен екеніне ашуланған. Облыстық білім басқармасы түсінбеушілік орын алғанын айтып, орнына жаңа форма берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода анасы қызына өлшемі үлкен мектеп формасын кигізіп көрсеткен.

"Кербұлақ ауданы, оқу бөлімінен берілген киім. Кейбір кісілер "рахмет демейсіздер ме" деп айтатын шығар. Бірақ қашанға бұғып жүре береміз? Өзімізге тиесілі затымызды қорғай алмасақ, ертең не болмақ?! Мынау адамды күлкіге айналдыру ма сонда?", - дейді ол.

Облыстық білім басқармасы жағдайды реттегенін хабарлады. Ведомство осы жағдайға байланысты мектеп директоры тәртіптік жаза алғанын атап өткен.

"Кербұлақ ауданындағы мектептің 4-сынып оқушысы жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек алатын оқушылардың тізімінде жоқ еді. Алайда ата-анасы көмек сұрап мектепке жүгінген. Анасының өтініші бойынша қыз балаға демеушілер тарапынан мектеп формасы берілген. Бейнеролик түсірілген кезде ата-ана мен бала киіп көруге шақырылды. Мектеп формасы ауыстырылғанын хабарлаймыз. Мектеп директорына ескерту жасалды", - деді білім басқармасынан.

Ведомство хабарлауынша, қабылданған соңғы өзгерістерге сәйкес, өңірлерде көмек заттай емес, ата-аналардың шотына ақша аудару арқылы берілуі керек. Мұндай шешім аталған жағдай қайталанбас үшін қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984992-kulkige-ainaldyru-ma-zetisu-oblysynda-oqusy-qyzga-olsemi-ote-ulken-mektep-formasy-berilgen/