Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында 3 отбасы саунада хлордан уланды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының Ақсу қаласында 9 адам саунадағы хлордан уланып қалды. Оның ішінде 5 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"24 тамызда сағат шамамен 21:00-де жедел жәрдем қызметіне Ақсу қаласындағы сауналардың бірінде адамдардың уланғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу барған дәрігерлер 3 балаға көмек көрсетіп, олар аурухана жатқызылды. Қалғандарының денсаулық жағдайы қалыпты. Бір тәуліктен кейін уланған 3 бала ауруханадан шығарылып, үйлеріне жіберілді. Дегенмен олар әзірге дәрігерлердің бақылауында болады.

Қазіргі уақытқа дейін белгілі болған мәлімет негізінде 3 отбасы, яғни 9 адам саунаға таныстарының туған күнін атап өтуге барған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, адамдар бассейндегі хлордан уланған.

Бұл жағдайға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексеру жұмыстарын бастады", - деп мәлімдеді Нұрлан Байбәкіров тілші сауалына орай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985038-pavlodar-oblysynda-3-otbasy-saunada-xlordan-ulandy/

pixel