Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бомба қойылған": Алматы мен Алматы облысындағы сот ғимараттарында тексеру жүргізілді

Опубликовано:

Сот ғимаратына тексеру жүргізілуде
Сот ғимаратына тексеру жүргізілуде. Фото: Telegram/polisia.kz

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша бірнеше сотқа ғимараттарға бомба қойылғаны туралы электронды хат келген. Аты-жөні белгісіз ер адам билікке ультиматум қойған, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналы.

Ведомстоның хабарлауынша, ер адам Алматы аудандық және қалалық соттарының, сондай-ақ Алматы облысы облыстық сотының және Талдықорғандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электрондық поштасына бомба қойылғаны туралы хат жолдаған.

"Ол билікке ультиматум қойды", - делінген хабарламада.

Ведомство хабарлама бойынша тексеру жүргізілгенін мәлім етті.

Алматы қалалық полиция департаментінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, жасырылған бомбалар туралы барлық хабарлама жалған болып шықты.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, биыл полиция қызметкерлері жасырылған бомба туралы хабарларды тексеруге 140 рет шыққан. Терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бойынша 101 қылмыстық іс қозғалған.

Жыл басынан бері "миналау" туралы хабар бергені үшін 11 адам сотталған, оның алтауы бас бостандығынан айырылған. Ведомствоның дерегінше, кейбір жағдайда "бомбалаушылар" шетелден хабарласады.

"Шетелдік серіктестерден мәліметтерді Бас прокуратура арқылы алуына қарай шет елдердің құқық қорғау органдарына халықаралық тергеу тапсырмалары іске асырылады. Мұндай тапсырмалар Ресей, Швейцария, Малайзия және Украинаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985062-zarylgys-zat-qoiylgan-almaty-zane-almaty-oblysyndagy-sot-gimarattarynda-tekseru-zurgizildi/

pixel