Шымкентте әйелін өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Шымкент тұрғынының видеоүндеуі жарияланды. Ол үндеуінде мұғалім болып істеген қызының қайтыс болғанын айтады. Әйел адам бұл қылмысқа күйеу баласын айыптаған. Полицейлердің мәліметінше, қазіргі таңда күдікті ұсталған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғынның видеоүндеуі Facebook желісінде жарияланды.
Әйел адамның сөзінше, 32 жастағы қызы мұсылмандық дәстүр бойынша тұрмысқа шыққан яғни мешітте некесі қиылған. Алайда неке түнінде қызы қайтыс болған.
Шымкент тұрғыны қызының өліміне күйеу баласын кінәлайды. Оқиға биылғы жылдың 26 маусымында болған. Алайда әйел адамның айтуынша, қызының өліміне күдікті адам әлі күнге дейін ұсталмаған.
Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 26 маусым күні Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінен қаладағы пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар 32 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша әл-Фараби АПБ-ның СДТБТ-ға тіркеген.
Полиция қызметкерлері күдікті ретінде әйелдің азаматтық некедегі күйеуі, 38 жастағы ер адамды анықтаған. Ол тергеуден бойтасалап, ізін суытқан. Күдіктіні іздеуге жеке құрамның барлық жедел тобы жұмылдырылған. Алайда ол тиісті нәтиже бермеген.
"Бір айдан кейін мамандандырылған соттың шешімімен оған халықаралық іздеу жарияланды. Бүгін, яғни 27 тамызда әл-Фараби АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сотқа дейінгі тергеу барысында жасалған ауыр қылмыстың барлық мән-жайы анықталады", – делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985221-symkentte-aielin-oltirdi-degen-kudikke-ilingen-er-adam-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.