Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтатады

Опубликовано:

танк
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Оның барысында Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтататыны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жиынға қатысушылар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қараған.

Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдаған.

Бұдан бөлек, отырыста лицензиялары бар заңды тұлғаларға тексеріс жүргізу, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар талқыланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985231-qazaqstan-askeri-onim-eksportyn-bir-zylga-toqtatady/

pixel