Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қаншаға қымбаттады

Опубликовано:

Супермаркетте арбамен тауар алып жүрген әйел
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биылғы жылдың 16 тамызына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде 19 тауар түрі бір аптада 0,2 пайызға, ай басынан бері 0,4 пайызға, ал бір жылда 18,1 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz.

"Әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінде былтырдан бері ең көп қымбаттағаны – қант ", - делінген ресми хабарламада.

Ірі қалалар арасында ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау (былтырдан бері 21,2 пайыз), Жезқазған (20,5 пайыз) және Орал (20,4 пайыз) қалаларында байқалды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының ең аз, бірақ әлі де елеулі жылдық өсімі Қостанайда (15,8 пайыз), Петропавлда (16,8 пайыз) және Қарағандыда (17,8 пайыз) тіркелген.

"Әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінде былтырдан бері ең көп қымбаттағаны – қант: бірден 92,7 пайызға шарықтады. Сондай-ақ пияз (55,5 пайыз), қарақұмық (26,5 пайыз), тауық еті (23,5 пайыз) және өлшенбелі рожкидың (23,2 пайыз) бағасы өскен", – дейді Energyprom.kz.

Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ішінде сәбіз (19 пайыз) және ақ қырыққабат (6,7 пайыз) арзандады.

Жалпы, биылғы жылдың шілде айында азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1 пайызға, жыл басынан бері 16,9 пайызға және бір жылда 19,7 пайызға өсті.

Өңірлер бойынша бір айда баға Павлодар (2 пайыз), Ақмола (1,9 пайыз) және Абай (1,7 пайыз) облыстарында айтарлықтай өскен. Бағаның ең төменгі айлық өсімі Алматы, Түркістан және Ұлытау облыстарында (0,4 пайыз) тіркелген.

Ал жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Маңғыстау (24 пайыз), Ақтөбе (22,4 пайыз) және Атырау (21,5 пайыз) облыстарында тіркелген.

"Азық-түлік тауарларының кіші топтарына келетін болсақ, шілде айының қорытындысы бойынша, нан өнімдері мен жарма бағасы бір айда ең көп өскен: яғни 2,9 пайызға қымбаттаған. Ет және ет өнімдері – 1,4 пайыз, балық және теңіз өнімдері – 1,3 пайыз, сүт өнімдері – 1,7 пайыз, жұмыртқа – 2,4 пайыз, май мен тоң май – 1,4 пайыз, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер – 4,3 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар жеміс-жидек пен көкөністің маусымдық жаңа бағалары айына 4,3 пайызға төмендеді", – делінген ақпаратта.

Жылдық динамика бойынша нан өнімдері мен жарма 26 пайыз, ет және ет өнімдері 14,3 пайыз, балық және теңіз өнімдері 18,8 пайыз, сүт өнімдері 22,7 пайыз, май мен тоң май 15,3 пайыз, жеміс пен көкөніс 14,5 пайызға қымбаттады, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер 44,2 пайызға, жұмыртқа 6,6 пайызға қымбаттаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985244-qazaqstanda-aleumettik-manyzy-bar-azyq-tulik-tauarlary-qansaga-qymbattady/

pixel