Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әкімдігінде ер адамға қатысты бұзақылық әрекет жасаған әйелдерге сот үкімі шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елорда әкімдігінің ғимаратында бұзақылық әрекет жасаған әйелдерге қатысты сот үкім шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ш., О. және М. 2022 жылғы 27 шілдеде сағат 10.00 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұза отырып, бұрын таныс емес, әкімдікке кеңеске келген жәбірленуші М.-ға қатысты зомбылық әрекет жасаған.

Сараптамаға сәйкес, салдарынан ер адам басынан жарақат алған, оң және сол жақ қолы көгеріп қалған. Тергеу осы дене жарақаттарын денсаулыққа жеңіл түрде зиян келтіру ретінде бағалаған.

Сонымен қатар әйелдер азаматтардың мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің ғимаратқа кіруіне жол бермей, әкімдік ғимаратына кіреберісті жауып тастаған. Олар осылайша жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің қалыпты қызметіне кедергі келтірген.

Сотта айыпталушы әйелдердің іс-әрекеттері бейнебақылау камераларындағы бейнежазбалармен, сот-медицина сараптамасының қорытындысымен, жәбірленушілер мен куәлердің айғақтарымен дәлелденген.

Іс бойынша сотта айыпталушы әйелдердің жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Сондай-ақ олардың жас балаларының болуын сот жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныған.

Одан бөлек Ш., О. және М. бұрын сотталмаған.

"Қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс қатарына жатады. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, Ш., О. және М.-ға Қылмыстық-кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Пробациялық бақылау қойылды. Сондай-ақ олар 3 жылға дейін қоғамдық-саяси қызметпен айналыса алмайды (оның ішінде БАҚ пен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып). Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетсек, шілде айында Нұр-Сұлтан әкімдігінің ғимаратында бірнеше әйелдің ер адамға қол көтерген сәтінен видео тараған болатын. Кейін аталған факті Сарыарқа аудандық ІІБ-да тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985264-nu-sultanda-akimdiginde-er-adamga-qatysty-buzaqylyq-areket-zasagan-aielderge-sot-ukimi-syqty/

pixel