Жаздың соңғы күндері Қазақстанда 38 градусқа дейін ыстық күтілуде
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК синоптиктері биыл тамыз айының соңы мен күздің бірінші күнінде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтетінін айтты, деп хабарлайды метеорологиялық қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыстан келетін кең ауқымды антициклон әсер етеді. Соның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.
Алайда 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері Батыс Қазақстанның батысында, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі.
Дегенмен, Қазақстан бойынша айтарлықтай жылы ауа райы болады. Республиканың басым бөлігінде термометрлер +25...+35 градусқа дейін, ал батыс пен оңтүстікте +30...+38 градусқа дейін көтеріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985339-zazdyn-songy-kunderi-qazaqstanda-38-gradusqa-deiin-ystyq-kutilude/