Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мотоциклшіні қуып бара жатқан полиция көліктері видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Алматы полициясы
Видеодан кадр: Instagram/krisp_almaty

Алматыда мотоциклшіні қуып келе жатқан екі полиция көлігінің видеосы желіде жария болды. Алматы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, оқиға 24 тамыз күні болған. Мотоцикл жүргізушісі жол ережесін бұзып, полицейлердің тоқтату талабын елемеген.

"Бұл өрескел заңбұзушылықты мамандандырылған батальонның экипажы анықтады. Жүргізуші полицейлердің тоқтату туралы заңды талаптарын елемеген. Осыған байланысты экипаж жүргізушінің жылдамдығын азайтып, тоқтауы үшін шара қолданды", - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мотоцикл жүргізушісіне қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылған. Жол қозғалысына қатысушының полицейлердің талабын орындамағаны, жүргізуші куәлігінде арнайы санаттың жоғы және аталған көліктің тіркелмегені анықталған.

"Ол (көлік - ред. ескертпесі) заң талабына сай тиісті тәртіпте тіркелмеген. Мотоцикл айыппұл тұрағында", - дейді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985511-almatyda-motociklsini-quyp-bara-zatqan-policiya-kolikteri-videoga-tusip-qaldy/

pixel