Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеулерді алып тастады

Опубликовано:

ұн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда астық пен ұн экспортына қойылған шектеулер алып тасталды. Енді мал экспортына квота бөлінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, премьер-министрі орынбасары - сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғариннің төрағалығымен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысы өткен.

Жиында астық пен ұнды экспорттауға шектеулерді алып тастау және ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота белгілеу жөнінде шешімдер қабылданған.

"Мүдделі мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҚР ҰКП, Астық одағы, Астық өңдеушілер одағының өкілдерімен бидай мен меслиннің, бидай ұнын экспорттаудағы сандық шектеулерді (квоталарды) алып тастаудың орындылығын кешенді талқылау қорытындысы бойынша, "Шопан-Ата" жалпыұлттық аграрлық қозғалысының басшысы, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамды деректері негізінде 2022 жылдың 10 қыркүйегінен бастап астық пен ұн экспортына шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды", - делінген Министрлер кабинетінің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шектеу Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен 2022 жылғы 8 шілдеден бастап енгізіліп, 30 қыркүйекке дейін созылуы тиіс болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985648-qazaqstan-astyq-pen-un-eksportyna-qoiylgan-sekteulerdi-alyp-tastady/

pixel