Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Елдегі электрмен қамту желілерінің үштен екісі тозған

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: facebook.com/Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында елдегі электр және су желілерінің тым ескіріп кеткенін және оларды жаңарту қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Елдегі электрмен қамту желілерінің үштен екісінің, жылу коммуникацияларының 57 пайызы және су құбыры желілерінің жартысына жуығының тозығы жеткен. Бұл сандардың нені білдіретіні белгілі.

Тарифтерді қолдан ұстап тұру олардың өшуіне, апаттарға, түптеп келгенде азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Монополиялық нарықтарда "Инвестицияларды тарифке алмастыру" деп аталатын жаңа тарифтік жоспарға көшу керек. Желілер мен қуаттылықтардың тозу көрсеткішін кемінде 15 пайызға жеткізуіміз қажет", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985669-toqaev-eldegi-elektrmen-qamtu-zelilerinin-usten-ekisi-tozgan/

pixel