"Бұл – аса қауіпті кесел": Тоқаев нашақорлықпен күресудің кешенді жоспарын әзірлеуді ұсынды

Опубликовано:

есірткі1
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында елімізде синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбейіп жатқанына баса назар аударып, нашақорлықпен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген "синтетиканың" көлемі 10 есе артқан.

Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып  жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар.

Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел.

Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс. Сондықтан нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985716-bul-asa-qauipti-kesel-toqaev-nasaqorlyqpen-kuresudin-kesendi-zosparyn-azirleudi-usyndy/