Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп күмән болды": Шымкентте 48 жастағы ер адам алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Опубликовано:

Шымкентте 48 жастағы ер адам алғаш рет мектепке барды
Көрнекі сурет: inbusiness.kz

Шымкенттегі 167/2 колониясындағы 48 сотталушы үшін жаңа оқу жылы басталды. Олардың арасында жасы елуге келіп қалғандар да бар, деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттегі түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Диас (аты өзгертілді – ред.) өмірінде алғаш рет мектепке барды. Ата-анасынан ерте айырылған оның балалық шағы көшеде өтті. Ол ешқашан мектепке бармаған, оқи да, жаза да білмейді.

"Бала кезімнен ұрлыққа жақын болдым. Қарным аш болатын. Кей кездері қайыр сұрап, күн көрдім. Алғаш рет 20 жасымда дүкеннен зат ұрлағаным үшін ұсталып, колонияға түстім. Бірақ ешқашан оқығым келмейтін. Ештеңе істей алматыным үшін ұялатынмын. Мұнда бізбен түрлі тренингтер өткізеді, кітаптар туралы айтып, фильмдер көрсетеді. Міне, осыдан соң оқып үйренгім келді. Ұзақ уақыт күмән болды, тіпті, қорыққаным да рас. Алайда бәрібір мектепке барғым келді", - дейді Диас.

Білім алғысы келетін сотталушылар бағдарлама бойынша бірден алтыншы сыныпқа қабылданады. Мұғалімдер әдебиет, тарих және математикадан сабақ береді. Ал Диас пен оның камераластарын әріп танып, оқуға үйретуде.

"Жазасын өтеп жатқандардың басым бөлігі жаза да, оқи да алмайды. Кейбіреулері үшін өзінің аты-жөнін жазу да қиын. Біз оларға бастауыштағы білімді беруге тырысамыз. Ал енді біреулері колледжде оқып жатыр", - дейді тәрбие бөлімінің басшысы Талғат Боранов.

Биыл 48 сотталушы алғаш рет мектепке барды. Түзету мекемесінде жалпы есебі 72 адам білім алуда. Олар барлық оқушылар сияқты мектепті аяқталған соң тест тапсырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985805-kop-kuman-boldy-symkentte-48-zastagy-er-adam-algas-ret-mektep-tabaldyrygyn-attady/

pixel