Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулықтар бірнеше түн бойы қаланы жайлаған жағымсыз иіске шағымдануда

Опубликовано:

жағымсыз иіс
Көрнекі фото: pexels.com

Атыраулықтар бірнеше түннен бері қаланы жағымсыз иіс жайлағанын айтып, шағымдануда. Осыған байланысты мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеріс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, Атырау қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде түнгі мезгілде жағымсыз иіс шығатыны туралы жазып жатыр.

Тұрғындардың пікірінше, көпшілігінде бас ауруы, әлсіздік, тіпті жүректің айнуы байқалған.

Азаматтардың осындай шағымына байланысты облыстық Экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастаған.

"Біздің департаменттің қызметкерлері тұрғындардың шағымына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеруді бастады. Өйткені, тұрғындар мұнай өнімдерінің иісіне шағымданды.

Бұдан басқа, зертхана қызметкерлері желдің бағыты бойынша атмосфералық ауадан сынама алады. Қазір жел оңтүстік-батыстан, яғни зауыт орналасқан бағыттан соғып тұр", - деп пікір білдірген басылымға Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985832-atyraulyqtar-birnese-tun-boiy-qalany-zailagan-zagymsyz-iiske-sagymdanuda/

pixel