Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімі тұрғындарды өңірді көркейту үшін тың идея ұсынуға шақырды

Опубликовано:

Орал қаласы
Орал қаласы. Көрнекі фото: visit-uralsk.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев Facebook-тегі парақшасында 2023 жылға арналған бюджетті жасақтау үшін тұрғындарды тың идея ұсынуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыс басшысы жерлестерінен бюджетке енгізіліп қойған жоспардан бөлек, тың идеялар күтетінін жеткізді.

"Бүгінгі таңда 2023 жылға арналған бюджет жасақталу үстінде. Осыған орай, мен сіздерден туған өлкемізді көркейтуге бағытталған тың ұсыныстар мен жасампаз идеялар күтемін. Бұл жол салу, көшелерді жарықтандыру сияқты жыл сайынғы бюджетке енгізілген ұсыныстар болмауы тиіс", - дейді Ғали Исқалиев.

Сондай-ақ өңір әкімі жол бойындағы дәретханалар, Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласына кіреберістегі белгілер, тарихи ғимараттарды қалпына келтіру, көше өнерін дамыту, дәстүрлі фестиваль өткізу, мүгедек адамдар жолындағы кедергілерді жою сияқты облыс тұрғындары үшін маңызды жобалар да барын атап өтті.

"Жинақталған идеялардың бюджеті анықталып, облыс тұрғындарының талқылауына және дауыс беру арқылы таңдауына ұсынылады. Бір немесе бірнеше идеялардың жалпы бюджеті шамамен 500 млн теңгеге дейін болады", - дейді Ғали Исқалиев.

Сонымен қатар облыс әкімі бұрын белгіленген халықтық бюджетке сәйкес сметалық есептер аяқталып жатқанын да айта кетті. Ал жаяу жүргіншілер өткелдеріне 180 шам орнатуды биылғы жылдың қазан айында бастау жоспарланған.

"Осы форматтағы жұмыстарды әлі де жалғастыруды көздеп отырғанымызды айтқым келеді. Ұсыныстарыңызды пост астына жазба ретінде қалдыруларыңызды сұраймын", - дейді БҚО әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985855-bqo-akimi-turgyndardy-onirdi-korkeitu-usin-tyn-ideya-usynuga-saqyrdy/

pixel