Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы бір мектептің бірінші сыныбына сегіз егіз барған

Опубликовано:

алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау. Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақтау қаласындағы №12 жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына сегіз егіз барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, егіздердің көптігі Білім күніне арналған салтанатты жиында көпшіліктің таңданысын тудырған.

"Біздің мектепте мұндай жағдай болған жоқ. Егіздердің көптігі мұғалімдерімізге оларды ажыратуға, бастапқыда тануға қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бір-бірімізге үйренісіп кетеміз. Оқушылардың қадамына сәттілік тілеймін", - дейді мектеп басшысы Жанат Анисова.

Ал мектепке алғаш қадам басқан егіздердің бірі – Мирас пен Диас Мурадовтар сол білім ордасының алғашқы қоңырауын соғып, достарын мерекемен құттықтаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы №83 мектепте биыл 18 бірінші сынып ашылғанын хабарлаған болатынбыз. Биыл Нұр-Сұлтанда бірінші сыныпқа барған балалардың саны тағы да рекордтық көрсеткішке жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985902-aqtaudagy-bir-mekteptin-birinsi-synybyna-segiz-egiz-bargan/

pixel