Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстарына берілген жерлер қайтарылды

Опубликовано:

Өрісте жайылып жүрген сиырлар
Көрнекі фото: Pexels.com

Алматы облысында жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстарына заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі таңда Алматы облысының прокуратурасы кадастрлық құны 1,4 млрд теңгені құрайтын 114 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтарды.

Ведомствода көрсетілген жерлер жылдар бойына мақсатты пайдаланылмай келгені, мал азықтық дақылдар егілмегені, шаруа қожалықтарының теңгерімінде мал басы жоқ екені айтылған. Бұл арада егін және жайылымдық алқаптарға өте мұқтаж диқандар зардап шеккен.

"Мәселен, Іле ауданында жоғары лауазымды тұлғалардың туыстарына заңсыз берілген жалпы ауданы 1743 гектар болатын 10 учаске қайтарылды. Фермерлердің мұқтаждықтарын қанағаттандыру және үшінші тұлғаларға қайта берілуіне жол бермеу мақсатында қайтарылған жер учаскелерін қоғамдық жайылымдарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осылайша, мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінен қазірдің өзінде 1,5 мың гектары жалпыға ортақ жайылым ретінде есепке алынды", – деп атап өтті Алматы облысының прокуратурасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986051-almaty-oblysynda-zogary-lauazymdy-seneunikterdin-tuystaryna-berilgen-zerler-qaitaryldy/

pixel