jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қостанай облысында өрт аумағы 43 мың гектарға дейін ұлғайды

    Қостанайдағы өрт
    Видеодан кадр: ТЖМ жедел штабы

    Төтенше жағдайлар министрі Юлий Ильин "Хабар 24" арнасындағы брифинг барысында Қостанай облысындағы жағдайды баяндады. Ол екі тәулік бойы өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан өңірде өрт аумағы айтарлықтай ұлғайғанын айтты.

    "Өрттің жалпы ауданы 43 мың гектардан асады, оның 106 мыңы осы орман шаруашылығының орман қоры. Өрт шығуы мүмкін 8 белсенді ошақ бар", – деді ТЖМ басшысы.

    Министрдің айтуынша, өрттің елдімекендегі тұрғын-үй құрылыстарына таралуына жол бермеу мақсатында үш жауынгерлік учаске құрылған, онда ТЖ министрлігінің бөлімшелері, сондай-ақ жұмылдырылған күштер мен құралдар белсенді жұмыс жүргізуде.

    Осы тұста министрлікке "Қазақстан темір жолы" бөлімшесі үлкен көмек көрсеткен.

    "Аманқарағай ауылындағы мұнай базасында жарылыс қаупі туындаған еді. Өрт сөндіру пойыздарының көмегімен тиісті шаралар қабылданды: өрттің таралуына жол берілмеді, қайғылы салдардың алды алынды", – деді ТЖМ басшысы.

    Свежая публикация по теме:
    Қостанай облысындағы өртке тракторшы кінәлі деп танылды

    Министр қазір өртпен күреске жұмылдырылған қызметкерлер саны белсенді түрде артып келе жатқанын айтты. Соның ішінде Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Ұлан бөлімшелері тартылуда. Олар өрт салдарын одан әрі оқшаулауға және жоюға көмектеседі.

    Қостанай облысында өрт аумағы 43 мың гектарға дейін ұлғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.