jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Жетісу облысында аудан әкімі өмірден өтті

Талғат Қайнарбеков
Талғат Қайнарбеков. Фото: facebook.com/sarqanaudany

Жетісу облысы Сарқан ауылының әкімі Талғат Қанатұлы Қайнарбеков 53 жасында өмірден өтті. Қайғылы хабарды аудандық әкімдік өз Facebook парақшасында жеткізді.

"Бүгін ауданымыздың тумасы 53 жасында Сарқан ауданының әкімі болған Талғат Қанатұлы Қайнарбеков өмірден өтті. Орны толмас қаза тек ет жақындарын ғана емес, барша аудан тұрғынына ауыр тигені сөзсіз.

Талғат Қанатұлы еңбек жолында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Текелі және Қапшағай (қазіргі Қонаев) қалаларының әкімі қызметін атқарған. Ал 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі Жетісу облысының Сарқан ауданын басқарды.

Талғат Қанатұлының жарқын бейнесі мәңгі жадымызда қалады. Иманы жолдас, топырағы торқа болсын! Талғат Қанатұлының жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз!", - деп жазылған хабарламада.

KAZ.NUR.KZ редакциясы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Жетісу облысында аудан әкімі өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.