Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің барым осы еді": Қостанай облысындағы ауыл тұрғыны өртенген үйін көріп, көзіне жас алды (фото)

Жарияланған күні:

Қостанай облысындағы өрт
Оқиға орынан фото: NUR.KZ

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылының тұрғындары үйлеріне қайта оралуда. Кейбір құрылыс нысандары аман қалған. Кейбірі толығымен жанып кеткен. Өртті ауыздықтауға көрші облыстардан құтқарушылар тартылған, олар жергілікті төтенше жағдайлар қызметіне көмекке келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қостанай облысындағы өртке тракторшы кінәлі деп танылды

Аманқарағай ауылының тұрғыны Ирина Баронина 3 қыркүйек күні үйінен кеткен. Ал қайта келгенде үйінің үйіндісін көремін деп ойламаған.

Қостанай облысындағы өрт
Фото: NUR.KZ

"Мен осы үйде тудым. Бұл үйді бір рет сатып, кейінірек өзіміз қайта сатып алдық. Бәрі өртеніп кетіпті. Мен өз қолыммен отырғызған бақша, техника құралдарымыз... Қолымда тек сөмкем мен құжаттарым қалды", - дейді тұрғын.

Ирина қазір Құсмұрындағы достарының үйінде тұрып жатыр. Алайда ары қарай не істейтінін білмейді. Жолдасының вахтадан оралуын күтіп, шешімді бірге қабылдамақ.

"Өміріңнің бір күнде қалай өзгеретінін білмейсің. Бұл өзі қалай болды? Менің барым осы үй еді", - дейді Ирина Баронина көзіне жас алып.

Қостанай облысындағы өрт
Оқиға орнынан фото: NUR.KZ

Аманқарағайдағы өртті сөндіруге көрші облыстан төтенше жағдайлар қызметкерлері келген.

Қостанай облысындағы өрт
Фото: NUR.KZ

"Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары мұнда 3 қыркүйек күні сағат 22.00-ден кейін келді. Газ баллондарын, үй жануарларын эвакуациялады. Олар өрттің тұрғын үйлерге тарамауы үшін үйлер мен қосалқы құрылыстардағы жалынды сөндірді. Қазіргі уақытта жекелеген нысандардағы өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Біздің бөлімшелер де орман алқабында құрғақ шөптің жану ошақтарын барлау және сөндіру қызметін атқарып жатыр.

Біздің КамАЗ құрамы елді мекенге өрт қаупі төнген жағдайда жергілікті тұрғындарды эвакуациялау үшін Бағаналы ауылына жол тартты", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Марат Сыздықов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986188-menin-barym-osy-edi-qostanai-oblysyndagy-auyl-turgyny-ortengen-uiin-korip-kozine-zas-aldy-foto/