Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар көмірді қандай бағаға сатып ала алады: Министр пікір білдірді

Опубликовано:

Көмір
Көрнекі фото: Pexels

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында қазақстандықтар көмірді қандай бағаға сатып ала алатынын айтты.

"Разрездерге рахмет, олар бағаны тұрақты ұстап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда Шұбаркөл разрезінде баға төмендеген. Қалғандары өткен жылғы бағаны сақтауда. Сонымен қатар, "Қазақстан темір жолымен" келістік, олар тарифті көтермейді. Компания бағаны бұрынғы деңгейде ұстайтын болады", - деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ең төменгі баға Солтүстік Қазақстан облысында. Мұнда көмірдің тоннасы 14,5 мың теңгені құрап отыр.

"Қазіргі уақытта әкімдіктермен бірлесіп жеткізу компанияларымен жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Ақмола облысын алатын болсақ, Атбасарда Атбасарда "Қаражыра" көмірі 14,5 мың теңге, "Шұбаркөл" көмірі 15 мың теңге, Степногорскте "Шұбаркөл" көмірі 22 мың теңге, ал ең шалғай ауылда 25 мың теңгеге дейін барады", - деді Өскенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986402-qazaqstandyqtar-komirdi-qandai-bagaga-satyp-ala-alady-ministr-pikir-bildirdi/

pixel