Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әуежайы басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Опубликовано:

Тәжімұратов
Фото: Нұр-Сұлтан әуежайы

Нұр-Сұлтан әуежайы басшысы Ғабит Тәжімұратовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті өз Telegram арнасында хабарлады.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды”,— делінген хабарламада.

Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды.

Еске сала кетейік, Ғабит Тәжімұратов әуе айлағының басқарма төрағасы қызметін 2019 жылдың желтоқсан айынан бері атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986479-nur-sultan-auezaiy-bassysynyn-okilettigi-merziminen-buryn-toqtatyldy/

pixel