Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарияланған күні:
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметке сәйкес, 6 қыркүйекте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 324 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram парақшасында.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 62,
Алматы қаласында - 29,
Шымкент қаласында – 2,
Ақмола облысында – 27,
Ақтөбе облысында – 11,
Алматы облысында - 0,
Жетісу облысында - 3,
Атырау облысында - 8,
Шығыс Қазақстан облысында - 12,
Абай облысында - 9,
Жамбыл облысында - 3,
Батыс Қазақстан облысында - 20,
Қарағанды облысында - 40,
Ұлытау облысында - 5,
Қостанай облысында - 39,
Қызылорда облысында - 2,
Маңғыстау облысында - 11,
Павлодар облысында - 12,
Солтүстік Қазақстан облысында - 26,
Түркістан облысында - 3 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 390 587-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте 756 адам коронавирустан жазылып шыққан.
Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр.
Еске сала кетейік, 5 қыркүйекте елімізде коронавирус жұқтырған 154 адам тіркелген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986514-elimizde-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-kurt-osti/