Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президентке үйінен айырылып қалғанын айтқан қостанайлықтың мәселесіне сот пікір білдірді

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Президентке жалған құжат салдарынан үйінен айырылып қалғанын айтқан қостанайлықтың мәселесіне қатысты облыстық сот пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қостанай облысының тұрғыны Шарафутдинов мемлекет басшысына әкімдік жалған құжат жасап, соның негізінде сот қате шешім шығарып, салдарынан ол үйінен айырылғанын айтқан еді.

Негізінен аталған 90 шаршы метр үй В.Маливецке тиесілі болған. Оның екі қызы бар - Е.Шарафутдинова және Л.Бережецкая. 1984 жылы В.Маливец бұл баспананы үлкен қызы Л.Бережецкаяға сыйға тартқан және оны нотариуспен растаған. Дегенмен Л.Бережецкая 1976 жылдан бастап Ресейде тұрады. Сотта ол әпкесіне үйде уақытша тұруға рұқсат бергенін растады. Бірақ ол 1991 жылы сот арқылы Е.Шарафутдинованы баспанадан шығарды.

Ал 2003 жылы әкесі В.Маливец қайтыс болды. Кейін 2018 жылы Л.Бережецкая үйді мемлекеттік акт арқылы жеке меншік құқығына өткізді.

Е.Шарафутдинова әкесінің Л.Бережецкаяға үй бергені туралы барлық ресми құжаттардың түпнұсқаларымен танысқан, жағдайды біледі. Алайда ол 2019 жылы Бережецкаяның үстінен арыз түсірді. Яғни үйді өз меншігіне өткізуді талап етті. Кейін ол арызын қайтарып алды", - деп пікір білдірген Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, 2020 жылы Л.Бережецкая үйді Айқадамова есімді азаматшаға 3,5 млн теңгеге сатқан. Бірақ Е.Шарафутдинова баспананың жаңа иесін үйге кіргізбеген. Сатып алушы тисінше сотқа жүгінген.

"Бұған дейін құқық қорғау органдары алаяқтық іс-әрекеттер және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша арыз түсірген адамның ісін мұқият тексерген болатын. Бірақ дәлелдердің расталмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қостанайдағы орман өртіне байланысты жағдаймен танысу үшін аталған өңірге барған президент жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда жалған құжат салдарынан үйін айырылып қалған жігіт мәселесін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986519-prezidentke-uiinen-aiyrylyp-qalganyn-aitqan-qostanailyqtyn-maselesine-sot-pikir-bildirdi/

pixel