Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы өрт: Министрлік соңғы мәліметтерді жариялады (фото)

Опубликовано:

Қостанай
Қостанай облысындағы өртті сөндіріп жүрген маман. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының аумағындағы өрт туралы соңғы ақпараттарды жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

7 қыркүйек сағат 08.00-дегі мәлімет бойынша, өңірдегі елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта төрт участкеде (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары) қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ведомство елдімекендерде жағдай тұрақталғанын хабарлады.

Тек Озерное, Аманқарағай ауылдарында локальды өрт ошақтарының бықсуы байқалып отыр.

Өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адамның эвакуацияланғаны белгілі болды.

"Эвакуцияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйінде", - делінген хабарламада.

Қостанай
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Министрлік мәліметінше, барлығы 91 тұрғын үй зардап шеккен: 85 Аманқарағай ауылында және 6 Озерный ауылында.

12 адам жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат алды және 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.

Ведомство бүгінде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, учаскелердегі өртті сөндіруге ТЖМ, ІІМ ҰҰ, Қостанай қаласындағы академиясының, Қорғаныс министрлігінің, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары: 79 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 2 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 721 адам жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986579-qostanai-oblysyndagy-ort-ministrlik-songy-malimetterdi-zariyalady-foto/

pixel