Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Қыздарды тұншықтырып, тонаған”: алматылық полицейлер күдіктіні ұстады

Опубликовано:

Жас жігіт Алматыда қыздарды тонаған
Видеодан кадр. Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы қыздарды тұншықтырып, тонады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық полициясының хабарлауынша, еш жерде жұмыс істемейтін 20 жастағы азамат қылмысын тек түнгі уақытта ұйымдастырған. Ол жолда жалғыз келе жатқан қыздарға жақындап, артынан тұншықтырып, содан кейін барлық бағалы затын алып кетіп отырған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тонау бойынша үш деректі анықтадық. Бір эпизод бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қыздар төтеп бере алмайтын жағдайға жеткен кезде, ол барлық құнды заттарды: ұялы телефондарды, ақшаны алып, қараңғы көшелерде тығылып қалған.

Сондай-ақ оның жәбірленушіден тартып алған ақшамен дүкенде төлем жасап жатқан дерек те тіркелді. Жас жігіт өз ісін мойындады.

Қазір күдіктінің жеке басы қала аумағында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986679-qyzdardy-tunsyqtyryp-tonagan-almatylyq-policeiler-kudiktini-ustady/

pixel