Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда 8- қабаттан құлап кеткен 2 жасар бүлдіршін ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда сегізінші қабаттан құлап кеткен бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалды. Екі жасар сәбидің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап кеткен 2020 жылы дүниеге келген сәбидің жүрегі бүгін сағат 21.00-де тоқтады. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қала алмадық”, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай М.Жүсіп көшесі, 270-үйде орын алды. Екі жасар бүлдіршіннің құлағаны туралы қоңырау 6 қыркүйек күні сағат 11:17-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 4 минутта жетті. 

Бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне  түсті. Дереу шокқа қарсы реанимациялық іс-шаралар басталды. Алған жарақаттары өте ауыр болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986724-pavlodarda-8-qabattan-qulap-ketken-2-zasar-buldirsin-auruxanada-koz-zumdy/

pixel