Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қойды 40 мың долларға сатқан

Опубликовано:

Сатылымда тұрған қой
Фото: Otyrar.kz

Бәйдібек ауданынан келген фермер Аманолла Айтаханов Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға ірі мәміле туралы айтып берді. Кәсіпкер бір қойды пәтер құнымен бірдей бағада сатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Өңір басшысы жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барып, жергілікті тұрғындармен, кәсіпкерлермен және қой өсірушілермен кездескен еді.

Кәсіпкер Аманолла Айтаханов өзінің әңгімесімен әкімді таң қалдырды. Шаруаның айтуынша, жақында ол гиссар тұқымды қошқарды пәтер бағасына тең құнмен, яғни 40 мың долларға (шамамен 19 млн теңге) сатқан.

Сатылымда тұрған қойлар
Фото: Otyrar.kz

Айта кетейік, аталған қой тұқымы денесінің ірілігімен, бойының биіктігімен, жалпақ құйрығымен және ерекше төзімділігімен бағаланады.

"Маған бизнесімді дамытуыма грант бөлінді. Иә, мен бір қошқарды 40 мың долларға саттым. Оны Сарыағашта сатып алды. Қошқардың салмағы шамамен 200 келі. Әлі де сатылатын қошқарлар бар, олардың құны 20 мың доллардан кем емес", – деп атап өтті фермер.

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерге сәттілік және мал басын одан әрі көбейтуді тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында басқа бір қойдың 40 мың долларға сатылғаны жайлы хабарланған болатын. Тағы бір гиссар тұқымды Миллион атты қой халықаралық көрмеде жеңіске жетіп, иесіне 10 мың доллар әкелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986765-turkistan-oblysynda-qoidy-40-myn-dollarga-satqan/

pixel