Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін

Опубликовано:

Күнтізбе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа заң жобасын талқылауға шығарды. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Онда "Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мемлекет басшысының жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасының ережесін іске асыруға бағытталғандығы көрсетілген.

"Заң жобасын әзірлеудің мақсаты Әлеуметтік кодекс қабылданған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған", - делінген жазбада.

Заңның қабылдануы өзара іс-қимылды жақсартуға, еңбек нарығының тұрақтылығы саласындағы саясатты дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының ашықтығы және атаулылығын арттыруға және әлеуметтік-еңбек саласындағы дағдарысты ахуалдарға тезірек ден қоюға көмектеседі деп күтілуде.

Заң жобасындағы жаңашылдықтың бірі қазақстандықтар үшін аптасына 4 күн жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

"Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі", - делінген заң жобасында.

Төрт күндік жұмыс аптасында үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.

"Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып табылады. Бес күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібімен белгіленеді", - делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986803-elimizde-4-kundik-zumys-aptasy-engizilui-mumkin/

pixel