Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор: Гүлмира Сатыбалды мен оның сеніміне кірген тұлғалар адам ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда, деп жазады Агенттіктің Телеграм-каналы.

Агенттік мәліметінше, бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңге залал келген.

Тергеу сатысында қабылданған шаралармен шығын толық өтелді.

"Сонымен қатар Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Жәбірленушілерге келген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Агенттік күдіктілер күзетпен ұсталып жатқанын және тергеу жұмыстарының жалғасатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986817-antikor-gulmira-satybaldy-men-onyn-senimine-kirgen-tulgalar-adam-urlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel