Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар Қазақстанға Сауд Арабиясынан келетін туристер саны біршама ұлғайғанын айтты

Опубликовано:

Сауд Арабиясынан Қазақстанға келетін туристер саны артқан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Туризм саласы мамандарының айтуынша, Қазақстан туризміне шетелдіктердің қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Әсіресе соңғы кездері Сауд Арабиядан келетін туристер саны бірнеше есеге өскен, - деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Қажылықпен айналысатын компания өкілдерінің айтуынша, елдегі туризмге қызығушылар саны артқан.

"Өткен жылдан бері Қазақстан туризміне қызығушылық танытқандар саны көбейді. Биыл жаз айларында 5 мыңнан астам Сауд Арабия тұрғыны елге келді. Осылайша, бұл бастама екі ел арасындағы туризмнің дамуына, инвестиция тартуға айрықша серпін беріп жатыр. Шетелдіктерге қазақ елінің мәдениетін танытуды мақсат еттік", - дейді Qazaq Travel компаниясының басшысы.

Соңғы жылдары қажылық қаржысын бөліп төлеу мүмкіндігін сұраушылар саны артқан. Он жылдан бері осы салада табысты еңбек еткен ұйым көпшілік сұранысына қашан да жауапсыз қалмайтынын айтады.

"Туристер тарапынан сұраныс артқан соң "zhinaq.kz" жобасын іске қостық. Бұл қосымша арқылы қажылыққа баруға шамасы жетпейтін қазақстандықтар енді сайт арқылы жеке шотын ашып, ай сайын алдын ала қаржы жинай алады. Сонымен қатар, өзгелерге сілтеме жіберіп, қосымшаға тіркелушілердің қатарын арттыру арқылы өзіне бонус жинауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, қажылыққа шамасы жетпейтіндерге көмектесем дейтін кәсіпкерлер мен өзгелер де осы қосымшаны пайдалана алады. Соның нәтижесінде, қасиетті мекенге барушылардың қатары артпақ. Бұл әлемде бар тәжірибе", - дейді компания басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986898-mamandar-qazaqstanga-saud-arabiyasynan-keletin-turister-sany-birsama-ulgaiganyn-aitty/

pixel