Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қыздармен сайт арқылы танысып, кейін телефонын алып кетті деген күдікпен жас жігіт ұсталды

Опубликовано:

Алматылық жігіт қыздармен танысып, телефонын алып кетті деген күдікпен ұсталды
Күдікті: polisia.kz

Алматыда сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдап кетті деген күдікпен 22 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 22 жастағы Б. есімді азамат сайт арқылы қыздармен танысып, оларды кездесуге шақырған. Бірақ барлық кездесудің соңы алаяқтықпен аяқталған.

"Ол серіктерімен құпия әңгіме бастайды. Кейін ол қыздардан қоңырау шалу үшін ұялы телефон сұрап, қашып кететін болған. Алданған қыздар ер адам ұялы телефонды қайтарып беретін шығар деп абдырап тұрғанда, күдікті ұялы телефонды ломбардқа өткізген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің қазіргі кезеңінде осыған ұқсас 2 эпизод анықталды", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Тергеу дәлелдемелік негізде жұмыс істеп жатыр. Алданғандар көп болуы мүмкін.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері күдіктінің суретін мұқият қарап шығуды сұрайды және оны таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуды ұсынады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986900-almatyda-qyzdarmen-sait-arqyly-tanysyp-keiin-telefonyn-alyp-ketti-degen-kudikpen-zas-zigit-ustaldy/

pixel