Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген такси жүргізушілерінің көлігі тәркіленуі мүмкін бе

Опубликовано:

Такси
Көрнекі фото: pixabay.com

Жеке тасымал – өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар арасында танымал қызметтердің бірі. Алайда жеке кәсіпкер ретінде заң талаптарын орындамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Такси қызметі – қала бойынша жылдам жүрудің ыңғайлы жолы. Елімізде цифрландыру мен автокөліктер санының өсуіне орай жеке такси жүргізушілерінің саны да артты. Олар тапсырыстарды іздеу үшін мобильді қосымшаларды (агрегаторларды) пайдалана алады.

Бұл ретте Қазақстандағы такси бағасы ТМД елдеріндегі ең жоғары бағалардың қатарында.

Өз кезегінде бұл қызметтерді ұсынатын қазақстандықтар өздерінің конституциялық міндетін атқарып, мемлекеттік бюджет алдындағы салықтық міндеттемелерін орындауы тиіс. Бұл туралы жеке такси жүргізушілерін Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек

Ведомствоның мәліметінше, жеке жүргізушілер жеке кәсіпкер мәртебесіне ие болуы керек. Айта кетейік, жеке кәсіпкер ретінде онлайн режимде тіркелуге болады.

1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

Егер қызмет жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылса, онда ол осы негізде жұмыс істей алады.

Міндетті талаптар: қызметкерлердің еңбегін пайдаланбау, ал жылдық табыс 3528 айлық есептік көрсеткіш, яғни 2022 жылға 10,6 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Бұл ретте жеке табыс салығының (ЖТС) мөлшерлемесі табыс сомасының 1% ғана құрайды. Салық есебін бір айдан бір жылға дейінгі мерзімде өткізуге болады.

2. Ұялы байланыс қосымшасы арқылы арнайы салық режимі

"e-Salyq Business" арнайы мобильді қосымшасы арқылы - жұмысшысы жоқ жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы 1% мөлшерінде.

3. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі

Жеңілдетілген декларация негізіндегі жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер үшін және алты айға ең жоғары табысы 24 038 айлық есептік көрсеткіш (2022 ж. 73,6 млн. теңге) мөлшерінде. Олар табыс мөлшерінің 3% жеке табыс салығына төлейді.

4. Жалпыға бірдей белгіленген режим бойынша жеке кәсіпкер

Бұл салық төлемінде жеке кәсіпкер табысының 10% мөлшерін салыққа төлеуге міндетті. Алайда жеке кәсіпкерліктің бұл түрі үлкен қаржы айналымы бар кәсіпкерлер үшін тиімді.

Жеке кәсіпкерлігі жоқ такси жүргізушілеріне қандай қауіп бар

Жеке такси жүргізушілері бұл талаптарды орындамаса, оларға 15 айлық есептік көрсеткіш немесе 2022 жылға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Ал егер айыппұл салынғаннан кейін 12 ай ішінде мұндай заң бұзушылық қайта анықталса, онда жаза мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішке ұлғаяды, яғни 91 890 теңгені құрайды.

Бұл ретте, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Заңның 463-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін заттарды және (немесе) құралдарды тәркілеу көзделген.

Яғни, көлікті құқық бұзушылық жасау құралы ретінде алып қоюға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986951-zeke-kasipker-retinde-tirkelmegen-taksi-zurgizusilerinin-koligi-tarkilenui-mumkin-be/

pixel