Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ірі көше бойындағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Опубликовано:

жол жөндеу жұмыстары
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласындағы Розыбакиев көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық мобилділік басқармасының Телеграм-каналына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 қыркүйек күні сағат 22.00 мен 10 қыркүйек сағат 06.00 аралығында Розыбакиев көшесінің Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелмек.

"Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987000-almatyda-iri-kose-boiyndagy-kolik-qozgalysy-uaqytsa-sekteledi/

pixel