Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ер адам әйелі мен өгей қызын, енесін ұрды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда 42 жастағы жүкті әйел полиция бөліміне хабарласып, өзіне бірге тұратын азаматтың қол көтергенін айтқан. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл жайлы өңірлік полиция департаменті Instagram парақшасында жариялады.

Тұрғынның айтуынша, ер адам үйіне алкогольді ішімдік ішіп келген. Ол алдымен өзінің жүкті әйеліне қол көтерген. Содан соң жарының анасына да қол жұмсап, салдарынан ол басын ваннаға ұрып алған.

Ведомство мәліметінше, ер адам мұнымен тоқтамаған. Ол өзінің 4 жасар өгей қызын жоғары көтеріп тұрып, жерге тастай салған. Салдарынан қыз басын еденге соғып, ауруханаға жеткізілген.

Осыдан кейін әйел полиция шақырады.

Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта күдікті қамауда", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987008-pavlodarda-er-adam-aieli-men-ogei-qyzyn-enesin-urdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel