jitsu gif branding logo appbranding logo app

"1 млн беріледі": Алматыда домбырашылар арасында байқау ұйымдастырылмақ

Домбыра
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

23-26 қараша аралығында Алматыда "Шертпе күй" республикалық дәстүрлі музыка фестивалі аясында бірқатар іс-шара өтеді. Жеңімпаздарға 1 млн теңгеден басталатын жүлде қоры қарастырылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

23-26 қараша аралығында Алматыда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен республикалық "Шертпе күй" дәстүрлі музыка фестивалі өтеді.

Дәстүрлі музыка фестиваліне 16 мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта ойнайтындар, яғни домбырашылар қатыса алады.

"Байқау 2 турдан тұрады, қатысушылар дәстүрлі "шертпе" мектебі өкілдерінің 5 шығармасын және қатысушының таңдауы бойынша қазіргі заманғы композитордың бір күйін орындайды", делінген хабарламада.

Байқау жеңімпаздары бас жүлде, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ Төлеген Момбеков атындағы арнайы дипломмен марапатталады.

"Байқаудың бас жүлдесіне 1 миллион теңге тігілген, ал бірінші орын жеңімпазына 750 мың теңге, екінші орынға 500 мың теңге, ал үшінші орын жеңімпазына 300 мың теңге беріледі. Арнайы дипломдар да қаржылай сыйлықпен марапатталады", – дейді ұйымдастырушылар.

Байқау аясында композитор Төлеген Момбеков шығармашылығынан концерт, сондай-ақ шеберлік сағаты және "Шертпе күй" байқауы жеңімпаздарының, сонымен қатар "шертпе" дәстүрлі мектебінің танымал өкілдерінің қатысуымен гала-концерт өтеді.

"1 млн беріледі": Алматыда домбырашылар арасында байқау ұйымдастырылмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.