Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жеңіл ақша көздеген тұрғыны 12 миллион теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Ұялы телефон ұстаған ер адам
Көрнекі фото: Рexels.com

Павлодар тұрғыны оңай әрі тез табыс табу жайлы әңгімелерге сеніп, 12 миллион теңгесінен айырылып қалды. Сондықтан ол полицияға жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz ресми сайты.

53 жастағы Павлодар тұрғыны тәртіп сақшыларына алаяқтықтың құрбаны болғанын айтқан.

Ер адамның сөзінше, оның ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін ірі компаниялардың бірінің менеджерімін деп таныстырған. Сөз арасында өзін инвестициялық кеңесшіге балаған алаяқ қор нарығындағы қолайлы жағдайлар жайлы айтып, жоғары табыс табу үшін ақша аударуды ұсынған.

"Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген павлодарлық азамат несиеге алған 12 миллион теңгеден астам ақшасын салып жіберген. Кейін өзінің тапқан пайдасын сұрағанда қор биржасының жабылып қалғанын естиді", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987083-pavlodarda-zenil-aqsa-kozdegen-turgyny-12-million-tengesinen-aiyryldy/

pixel