Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда студент дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

Опубликовано:

жедел жәрдем
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Петр Карандашов

Орал политехникалық колледжінің үшінші курс студенті дене шынықтыру сабағында қайтыс болды. Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы пікір білдірді, деп жазады "Мой город".

Ведомствоның мәліметінше, жас жігіт дене шынықтыру сабағында күтпеген жерден құлаған.

"Оқытушы мен медбике алғашқы көмек көрсеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы да студенттің өмірі үшін күресті", - деді облыстың білім басқармасы.

Бұған қарамастан студент қайтыс болды.

Осы орайда ведомство студент ешқандай соққы немесе жарақат алмағанын жеткізді.

Білім басқармасы өкілдерінің сөзінше, оның құлауы айқын себепсіз болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987116-oralda-dene-synyqtyru-sabagynda-student-qaitys-boldy/

pixel