jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Абай облысында интимдік қызмет көрсеткен 8 әйел ұсталды

жеңіл жүрісті қыз
Фото: polisia.kz

Абай облысында интимдік қызмет көрсеткен 8 әйел анықталды. Олардың барлығы қылмыстық есепке қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 7-9 қыркүйек аралығында “STOP-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

Нәтижесінде өңір орталығының аумағында орналасқан боди массаж салондарынан жезөкшелікпен айналысқан притондарды анықтады.

Интимдік массаж көрсеткен қыздар Алматы қаласының, Қарағанды, Павлодар облыстарының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі уақытта олар қылмыстық есепке қойылды. Сонымен қатар притондар анықталған үйлердің иелеріне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 450-бабына сәйкес құжаттарды жинау жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл бапта 100 АЕК немесе 300 мың теңгеден асатын айыппұл қарастырылған.

Абай облысында интимдік қызмет көрсеткен 8 әйел ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.