Күн күркіреп, жаңбыр жауады: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда жаңбыр жауады, ауа температурасы +24...+26 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы - 3-8м/с жетеді. Ал найзағай кезінде екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Бүгін Нұр-Сұлтанда да жаңбыр жауып, күн күркірейді деп болжануда, бірақ елордада Алматыға қарағанда ауа температурасы әлдеқайда төмен, күн +12...+14 градусқа дейін жылынады. Сондай-ақ, синоптиктер астаналықтарға желдің екпіні 9-14, екпіні 15-20 м/с күшейетінін ескертеді.
Шымкентте де жексенбі жаңбырлы болады деп болжанып отыр, бірақ жауын-шашынға қарамастан мұнда күн +23...+25 градусқа дейін жылы болады. Найзағай кезінде жел 8-13 м/с күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987171-kun-kurkirep-zanbyr-zauady-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/