Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы түскен фото, видеосы Әзербайжаннан табылды

Опубликовано:

Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы. Видеодан кадр: Telegram/Cаясат Нұрбек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының бұрын жарияланбаған видеосы бар таспа мен фотосуретін қазақ ғалымдары Әзербайжаннан тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнетаспада 1926 жылдың 26 ақпаны мен 5 наурызы аралығында Әзербайжан КСР-нде өткен І бүкілодақтық түркология құрылтайы (съезд) бейнеленген.

8 минуттық видеода Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді.

"Бір қызығы - съезде үш оператор жұмыс істеген. Біздің ғалымдар тауып әкелген видеодан бөлек, тағы екі аппараттың түсірген бейнежазбалары болуы мүмкін. Оны да алдағы уақытта табуды міндет етіп отыр жас ғалымдар", - деп жазды министр өзінің Telegram-каналында.

Оның сөзінше, фотосурет Әзірбайжан мемлекеттік өнер және мәдениет мұрағатында істейтін ғалым Фархад Ағзадәнің жеке қорынан алған.

Бірінші түркологиялық құрылтайда түсірілген суретте Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Біләл Сүлеевтер бар.

Осы еңбектері үшін Саясат Нұрбек Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, PhD Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейітбатқаға алғыс айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987193-axmet-baitursynulynyn-1926-zylgy-zariyalanbagan-videosy-azerbaizannan-tabyldy/