Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласының жаңа бас жоспары қашан бекітілетіні белгілі болды

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының жаңа бас жоспары ағымдағы жылдың соңында ұсынылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев "2025 жылға дейінгі қаланы дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" бағдарламасын бекіту жөніндегі мәслихаттың XXV сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта 2040 жылға дейінгі есептік мерзіммен қаланың жаңа бас жоспарын әзірлеу жүргізілуде, оны жыл соңында бекіту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2023 жылдың ортасына дейін 5 жаңа орталықтың мастер- жоспары әзірленеді", - деді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының халқымен кездесуі барысында мегаполисте екі жағалау мен жаңа жаяу жүргіншілер аймағы пайда болатынын жеткізді.

Сонымен қатар қараша айының соңына дейін Рысқұлов даңғылы бойындағы көпірдің астында және Айнабұлақ-1 шағын ауданында екі жаңа жастар саябағы ашылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987234-almaty-qalasynyn-zana-bas-zosparynyn-qasan-bekitiletini-belgili-boldy/

pixel