Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да көлігімен жылқыны соққан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

Опубликовано:

жол апаты
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

ШҚО-да көлігімен жылқыны соққан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 11 қыркүйек сағат 02:44 шамасында Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында болды.

42 жастағы Lada Granta жүргізушісі көлігімен жылқыны соғып кеткен.

Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Ал көлікте болған жолаушы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987272-sqo-da-koligimen-zylqyny-soqqan-zurgizusi-oqiga-ornynda-koz-zumdy/

pixel