Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Опубликовано:

қылмыстық топ
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың 3 қатысушысын қолға түсірді.

Олардың Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі “Бұзақылық” бойынша жасырынғаны белгілі болды. Сонымен қатар қолға түскен ер адамдарға бұған дейін Петропавл қаласында іздеу жарияланған.

Күдіктілерді ұстау кезінде травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалар тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987287-nur-sultanda-uiymdasqan-qylmystyq-top-ustaldy/

pixel