Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды

Опубликовано:

жол апаты
Фото: Павлодар облыстық полиция департаменті

Өткен демалыста Павлодар облысында бірнеше жол апаты болып, салдарынан бір адам қаза тапты және төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 10 қыркүйек күні сағат 22.00-де Қызылтаң ауылының жанындағы Омбы - Майқапшағай тасжолының 338 шақырымында Тoyota Seguola Unpy жеңіл көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылып кеткен. 

Салдарынан 38 жастағы жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Екінші жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйек күні сағат 00.10-да  Ленин - Курчатов тасжолының 101 шақырымында, Кеңтүбек ауылының маңында тіркелді: ВАЗ-21099 және ВАЗ-2106 көліктері соқтығысқан.

Салдарынан ВАЗ-2106 көлігінің 54 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, 30 жастағы жүргізуші мен 29 жастағы жолаушы, сондай-ақ "ВАЗ-21099" автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987305-pavlodar-oblysynda-zol-apatynan-bir-adam-qaza-tauyp-useui-zaraqat-aldy/

pixel